Қазақстанға арналған такси

Такси қажет болса — Qajet Taxi

Жолаушы мен жүргізушіге арналған бір қосымша. Бағасын тапсырыс бермей тұрып көресіз, ал төлем тәсілін өзіңіз таңдайсыз: қолма-қол, аударым немесе карта.

App Store мен Google Play-де бар

  • Жүргізушіге бастапқыда 0 % комиссия
  • Қолма-қол · аударым · карта
  • 2GIS карталары
Қала кварталдарының арасымен көк маршрут бойымен келе жатқан Qajet көлігі және межелі жердің белгісі

Бір қосымша — екі рөл

Сіз кімсіз: жолаушы ма, жүргізуші ме?

Рөлді тіркелгенде таңдайсыз. Кейін оны қосымшаның мәзірінен кез келген уақытта ауыстыра аласыз.

Жолаушыларға

Такси шақыру оңай әрі түсінікті

Қайда баратыныңызды көрсетесіз — қалғанын Qajet көрсетеді: бағасын, жүргізушіні, көлігін және ол қай жерде келе жатқанын.

  • Баға алдын ала

    Бағытты таңдасаңыз, сапар құны бірден шығады. Тапсырыс беру-бермеуді сосын шешесіз.

  • Дәл мекенжай

    2GIS карталары: көше, үй немесе ғимарат атымен іздейсіз, не картадан нүкте қоясыз.

  • Кім келетінін білесіз

    Жүргізушінің аты, көліктің маркасы, түсі және мемлекеттік нөмірі — алдын ала экранда.

  • Төлем — өз еркіңізде

    Қолма-қол, жүргізушіге аударым немесе байланған карта. Әр сапар сайын таңдай аласыз.

  • Сапарды бағалау

    Сапардан кейін жұлдызша, дайын белгілер мен пікір қалдырасыз. Пікіріңіз сервисті жақсартады.

  • Ана тіліңізде

    Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Тілді кез келген сәтте ауыстырасыз.

Qajet қосымшасының экраны: картадағы маршрут, бару мекенжайы, «Эконом» тарифі, бағасы және «Тапсырыс беру» батырмасы
Бағыт пен баға
Qajet қосымшасының экраны: жүргізуші картада жолаушыға қарай келе жатыр, төменде аты, көлігі және мемлекеттік нөмірі
Жүргізуші жолда

Қосымшаның нақты экрандары, тестілік деректермен

Үш қадам

  1. 1

    Жүктеп, нөміріңізбен кіріңіз

    Телефон нөміріңізді жазып, келген кодты енгізесіз. Тіркелгенде «Жолаушы» рөлін таңдайсыз.

  2. 2

    Қайда барасыз?

    Мекенжайды жазыңыз немесе картадан көрсетіңіз. Бағасын көріп, төлем тәсілін таңдайсыз.

  3. 3

    Жүргізуші келеді

    Көлігі мен нөмірін экраннан көресіз. Сапардан кейін төлеп, жүргізушіні бағалайсыз.

Жүргізушілерге

Qajet-пен табыс табыңыз

Тіркелу қосымшаның өзінде өтеді: құжатыңызды суретке түсіресіз, біз тексереміз, сосын желіге шығып, тапсырыс аласыз.

  • Бастапқыда 0 % комиссия

    Іске қосылғанда сапар ақысы толық өзіңізде қалады. Комиссия тарифке қарай белгіленеді, әр тапсырыс өзі жасалған сәттегі мөлшерлемемен есептеледі.

  • Жылдам тіркелу

    Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты суретке түсіресіз — деректерді суреттен өзіміз оқимыз. Әкімші тексерген соң жұмысқа шығасыз.

  • Өз кестеңіз

    Желіге қашан шығып, қашан демалатыныңызды өзіңіз шешесіз. Бір батырмамен желіге шығып, бір батырмамен тоқтайсыз.

  • Ақша — қалауыңызша

    Қолма-қол бірден қолыңызға, аударым тікелей өз шотыңызға түседі. Картамен төленген сапарлар әмиянға жиналады, оны шотқа шығарасыз.

Qajet қосымшасының жүргізуші экраны: жүргізуші куәлігін суретке қалай түсіру керегі туралы нұсқау
Құжатты түсіру
Qajet қосымшасының жүргізуші экраны: картадағы жаңа тапсырыс, A және B мекенжайлары, бағасы және «Қабылдау» батырмасы
Жаңа тапсырыс

Қосымшаның нақты экрандары, тестілік деректермен

Жүргізуші болу — үш қадам

  1. 1

    «Жүргізуші» рөлін таңдаңыз

    Қосымшаны орнатып, телефон нөміріңізбен кіресіз де, «Жүргізуші» рөлін белгілейсіз.

  2. 2

    Құжаттарды суретке түсіріңіз

    Жүргізуші куәлігі мен көліктің тіркеу куәлігі, екеуі де екі жағынан. Қосымша қалай түсіру керегін көрсетеді.

  3. 3

    Тексерістен өтіп, желіге шығыңыз

    Әкімші құжаттарды қарап шығады. Мақұлданған соң желіге шығып, тапсырыс қабылдайсыз.

Табысыңызды есептеп көріңіз

Мәндерді өзіңізге қарай өзгертіңіз. Бастапқы сандар — мысал ғана.

8
6
1,5
Комиссия0 %
Болжам

Шамамен табыс

— айына

— аптасына

— сапар аптасына

Бұл кепілдік емес, шамамен есеп. Нақты табыс қалаға, сұранысқа, тарифке және уақытқа байланысты. Жанармай мен көлік шығыны есепке алынбаған. Ай — 4,3 апта.

Төлем

Қалай ыңғайлы — солай төлейсіз

Төлем тәсілін тапсырыс берер алдында таңдайсыз. Жүргізуші не күтетінін бірден көреді.

  • Қолма-қол

    Сапар соңында жүргізушіге қолма-қол ақша бересіз.

  • Жүргізушіге аударым

    Kaspi немесе басқа банк арқылы тікелей жүргізушінің шотына. Ақша түскенін жүргізуші қосымшада растайды.

  • Банк картасы

    Картаны бір рет байлайсыз. Тапсырыс кезінде сома уақытша бұғатталады, сапар аяқталғанда ғана есептен шығады.

Qajet қосымшасының экраны: төлем тәсілін таңдау — қолма-қол, аударым және байланған карталар
Төлем тәсілі

Қауіпсіздік

Сенімді сапар — басты талап

Қосымшадағы әр жүргізуші тексеруден өтеді, ал әр сапар туралы мәлімет сізде сақталады.

  • Тексерілген жүргізушілер

    Әр жүргізуші куәлігі мен техпаспортын жүктейді, оны әкімші қарап, мақұлдайды.

  • Рейтинг пен пікір

    Әр сапардан кейін жүргізушіні бағалайсыз. Жүргізуші кім қандай баға қойғанын көрмейді.

  • Кім келетіні белгілі

    Жүргізушінің аты, көлігі, түсі мен нөмірі көлік келмей тұрып экранда тұрады.

  • Сапар тарихы

    Барлық сапарларыңыз бен төлемдеріңіз қосымшада сақталады.

  • Қолдау қызметі

    Сұрақ не мәселе туындаса, WhatsApp арқылы жазыңыз.

Qajet қосымшасының экраны: сапарды бес жұлдызбен бағалау және «Сыпайы жүргізуші» сияқты дайын белгілер
Сапарды бағалау

Сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымшаны қайдан жүктеуге болады?

iPhone үшін — App Store, Android үшін — Google Play. Іздеуге «Qajet Taxi» деп жазыңыз.

Әрі жолаушы, әрі жүргізуші бола аламын ба?

Иә. Qajet — бір қосымша. Рөлді тіркелгенде таңдайсыз, кейін мәзірден ауыстыра аласыз.

Сапар бағасы қалай есептеледі?

Тариф бойынша, бағыт пен қашықтыққа қарай. Құны тапсырыс бермей тұрып экранда көрсетіледі.

Қандай төлем тәсілдері бар?

Қолма-қол, жүргізушіге аударым (Kaspi немесе басқа банк) және қосымшаға байланған банк картасы.

Жүргізушіден қанша комиссия алынады?

Іске қосылғанда — 0 %. Комиссия тариф бойынша белгіленеді, ал әр тапсырыс өзі жасалған сәттегі мөлшерлемені сақтайды: кейін өзгерсе де, басталған сапарға әсер етпейді.

Жүргізуші болу үшін қандай құжат керек?

Жүргізуші куәлігі мен көліктің тіркеу куәлігі (техпаспорт). Екеуін де екі жағынан суретке түсіресіз, әкімші тексереді.

Қандай карта қолданылады?

2GIS: мекенжай іздеу, картадан нүкте қою және бағыт құру соның негізінде жұмыс істейді.

Қосымша қай тілдерде?

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Тілді кез келген уақытта ауыстыра аласыз.

Қолдау қызметімен қалай байланысамын?

WhatsApp арқылы: +7 707 710 93 98.

Qajet-ке алғашқылардың бірі болып қосылыңыз

Қосымша App Store мен Google Play-де бар. Сұрақтарыңызды WhatsApp-қа жазыңыз.